Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 22.07.2025

Сен әлде
Пәк мүсін менің,
Періштем.
Келгендейсің сен,
Пейіштен.
Көзің мөлдір 
Көлсің бе?
Тұнығыңнан 
Кім ішкен?

Сағынышпенен,
Асау желменен алысқан.
Құссың ба? әлде,
Келген бір сонау алыстан.
Сен әлде бір, 
Жат ғаламдық.
Түскен бір көктен,
Ғарыштан.

Сен әлде бір көз жетпеген,
Асқарым.
Көңілі ашық.Бұлтсыз,көкшіл,
Аспаным
Сен әлде бір жылдар бойы.
Тауыспаған.
Таусылмайтын көркем,сұлу,
Дастаным!!!!!
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 763 | Рейтинг: 0.0/0