Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 22.07.2025

Сол арудан адастым
Кәмелетке толмай жүрген шағымда,
Іңкәр сезім ұялады жаныма.
Дегенменен, жоқ қой оның пайдасы,
Қолым жетпей, мұң сыйлады таңыма.

Ес жиғанша сол арудан адастым,
Ұмытам деп жүрегіммен таластым.
Енді ойласам, оның да жоқ пайдасы,
Шердің жүгін шер жүгіне тағы астым.

Бірақ сезем, ол да мені ұнатты,
Күлімсіреп құшақтауға құмартты.
Ботадайын қара, тұнық көздерін,
Махаббатым көрген сайын тым артты.

Кімдер екен арамызға дақ салған?!
Сол бір сезім жанымда әлі сақталған.
Балалықтан бастау алып, кенеттен,
Еш дамымай жер түбіне тапталған.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 880 | Рейтинг: 0.0/0