Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 22.07.2025

Қайдасың?!
Құлақ аспай, кеттің қайда бұл күні?
Сені іздеп, жас жүрегім бұлқынды.
Өзіңді ойлап, түн ішінде ұйқтамай,
Жетем деген армандарым құрыды.

Осы кезде сөйлесе алмай іркілдік,
Түсіне ме мұң-шерімді бұл тірлік?
Сезімім де әлі жүр ғой сөне алмай,
Басқаменен кеткеніңе сене алмай.

Енді қайтем? Екі жаққа кеттік біз,
Жүрегімде жазылмайтын калдырды із.
Сыңарынан айырылған аққудай,
Қайғы жұтам - дәмі оның ащы удай.

Дүниеде қыздар деген көп екен,
Көп болса да, дәл өзіңдей жоқ екен.
Сені ғана сағынады жүрегім,
Бір өзіңнен күдер үзбей жүремін.

Жай дос болғым келмейді сеніменен,
Алшақтаған түрің ғой тегі менен.
Қан жылайды жүрегім, қамығады,
Басқа қыздар қылықты кезіксе де,
Көңіл толмай, қайтейін, жалығады.

Ән арнаймын бұлақтайын ағызып,
Мөлдір суын құлағыңа тамызып.
Оралмайды сағымдағы сол күндер,
Мас қылатын бақыттарға мол күндер!

Шын ғашықпын! Шын ғашықпын мен саған!
Қолым жетпес арманымсың аңсаған.
Қалай енді сезімімді дәлелдейм,
Қай бетіммен қасыңа мен бара алам?!



«Тоқта!» дейді, ақылыма жүгінсем,
«Алға!» дейді, жүрегіме үңілсем.
Қарсы келмей, зейін салып тыңдар ма ең,
Құлағыңа тұнық жыр боп төгілсем?

Жан таптың ба менен ыстық, жауап бер,
Шын ғашықпын, жүрегіме қарап көр.
Бір сен үшін жойылды ғой, жаным-ау,
Мінездегі басым болған намыс-өр.

Қылығыңмен жаулап алдың жүректі,
Көңіліме келдің-дағы гүл ектің.
Өмірімде сүйгенімсің алғашқы,
Түнгі ұйқым сені ойлаумен сан қашты.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 854 | Рейтинг: 0.0/0