Махаббат наздары
Өмірге өкпем жоқ менің, Өтсе де сенсіз көктемім. Сүрініп, қайта түргелем, Есіме түссе өпкенің. Ақша бұлт сезім бағына, Махаббат нұрын төкен жоқ. Сағыныш сыйын ұсынған, Өмірге менің өкпем жоқ. *** Өмірге сынақ тапсырып келем, Тапсырып келем мен әлі. Құласам егер, жыласам егер Сен емес оған кінәлі. Махаббат назын ұқтырып, Еркелет мені, Құшаққа алып, сүй жаным. Қуанта алған, Жылата алған сен үшін, Өмірге мына ризамын! *** Мүмкін мені кіналарсың қатты деп, Өмір маған мұң моншағын тақты тек. Махаббаттың айдынында жүзе алмай, Сезім кемем жағаға оңбай соқты кеп. Көктем маған ұсынбады ақ гүлін, Сағыныштан жамылдым мен тәтті мұң. Өзіменен ала кетті Ол тастамай, Өмірімнің қуанышы мен шаттығын. *** Қайсарлығы қанында бар, Нәзіктігін тал бойына жинаған. Мен қазақтың аруымын, Өзге үйдің отын жағып, Өз жұртына сыймаған. Алыс жақын ел арасын, Жақын қылған, тату қылған «жат» балаң Мен қазақтың келінімін, Ақ босаға аттағам. Шаңырағым биік болып, Түтінім түзу шықсын деп, Ата салтын сақтағам. Маужыратып, тәтті ұйқыға батырған, Әлдиімен даланы. Ақ жаулықты анамын мен, Ұлтын сүйер, ұл өсірген саналы. Туған елге еркелеген баламын, Еркін өскен елігімін даланың. Рухы биік, жігері үстем, Мен қазақтың аруымын, келінімін, анамын. *** Ай сәулесіменен нұрланып, Қараңғы түнді жарыққып тұрған аппақ қар Ерке жұлдыздар жымыңдап қояд бұлданып Отырған үнсіз мұңданып О, тыныштық Түн Ана Сырымды менің сақтап қал. Ашумен жұлқып ақ боран, Сырымды ұғып ұлыды-ай. Сарша аяз үнсіз шымшыды, Тыныштық түнгі ұрыдай. Күнәмді көміп жауған қар, Төмпешік етті тауға аңғар. Ақ қармен көмген сырымды, Таппады іздеп барғандар. Қорқамын келер көктемнен, Төмпешік сырды ашар деп. Ақ қарды жауып көк белмен, Сырымды көпке шашар деп, Қорқамын келер көктемнен.
| |
Просмотров: 817 | |