Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 22.07.2025

Мен саған өкпелемеймін
Махаббат гүлін ұсынып тұрып,
Солдырғаныңмен қолымда,
Қоштасқаныңмен күрсініп тұрып,
Құрбаның болам жолыңда. 

Махаббат назын ұғындыра алмай,
Кеткеніңменен асығыс.
Кектеніп жылап қарғағаныммен,
Көңілім менің жасығыш.

Жүрекке өшпес жара салдырып, 
Сағыныш сыйын ұсындың.
Сендегі сезім жүрек кемесіне 
Кешіккенімді түсіндім.

Күрсініп өткен өзіңмен бірге 
Уақыттарымды көктем демеймін.
Жағаға жалғыз қалдырғаныңмен,
Мен саған өкпелемеймін.

Өзіңе ғашық ынтазар болып, 
Махаббат атты сырды ұққам.
Сезімнің от, шоқ екендігін
Сезіндіргенсің 
Өкпелемейтіндігім сондықтан!
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 838 | Рейтинг: 0.0/0