Көңіл толқыны
Мен. Елеңдеп келем. Жалғызбын. Сұрақты болмас, есіме қайдан салғыздың. Көз алдымда жігіт бейнелі бір елес, Деп ойлап қоям,арманымысың әр қыздың. Кеш. Жүрісім жылдам. Жаяумын. Ұясына батып барады баяу күн. Келіп те қалдым ойларымменен арбасып, Өз үйімнің есігіне де таяумын. Ой. Ертесің қайда?! Ермеймін ... Ермеймін деп,иықты кейін сермеймін. Маңдайдан жаймен,аймалап өтер байқасаң, Көктемдегі самалды қоңыр желдеймін. Түн. Тынышым кетті. Нелктен??. Суық ойларым, жағадан алды деміккен. Жаныма біреу жақын жандай боп көрінет, Азаматым деп,арқа сүйейтін сеніп кең. Сен. Көрінші маған. Көрейін. Ақ жүрегіммен,пәк жүрегіммен сенейін. Жабыққан шақта қасыңнан сенің табылып, Сүрінген сәтте, өзіңді келіп демейін.
| |
Просмотров: 762 | |