Аппақ айдың сынығындай
Аппақ айдың сынығындай, Жаны нұрда, бағы жыр. Беу баянсыз махаббатым, Елесіңіз есімді алып әлі жүр. Тәңір берген бір жүрекпен Жалғызсырап қалсам да Сізді сүйем бәрі-бір... Өмір мені өзгертті шын, Қиялымның күлін көкке ұшырып. Әп-әдемі әлеміме Көктен жасын түсіріп. Дос дегенің көңілімнің Көрін қазды тереңнен Қаға-қаға қанатымды талдырып Жер бетінен жұмақ іздеп келем мен. Аппақ айдың сынығындай Жаны нұрда, бағы жыр. Беу баянсыз махаббатым, Сізді сүйем бәрі-бәр......
| |
Просмотров: 759 | |