Қасиетті тұмарым ең...
Таң қалдырған сенің алдап арбауың Жек корем деп неге айта салмадың? Еске түссе сәттер бірге өткерген, Сене алмаймын өмір және жалғанын Құшағыңа еріксіз құшқаныңда асылым, Сыбыр еттің қоңыр үнмен ғашығым... Аңқаулықпен асығыппын сенуге, Қазір міне жылап алам жасырын. Кете берші қарайламай өткенге, Таза сезім тек менікі тек менде! Ол қызды енді жабырқатпа жарай ма?! Сыңарына енді ғана жеткенде... Мен-ақ және болайыншы сыңарсыз, Әрекетің жасап жүрген тым арсыз, Қарсыз қысты елестете алмаймын, Қалдым,білем қасиетті тұмарсыз. Бақытыңа жақұтыңа теңедің- Арысым да азаматым сен едің, Бірақ өмір өкінішсіз болмайды, Ертеңгі күн жақсылыққа сенемін! Жалғыз өзім көше бойлап келемін, Байқағаным қажет емес керегің. Таңымды да кешімді де өткердім, Бақытты күн және алдыда білемін!.
| |
Просмотров: 823 | |