Сен кеткелі.
Талай түннің шашынан өлең өріп, Жұлдыздардан әшекей тағып бердім. Талай ақбоз таңдарды ерттеп мініп, Қиялымды бейтарап шашып алдым. Сен кеткелі... Сағыныш па, жек көру ме білмедім, Қара жерге асыққандаймын тағатсыз. Қарғап тұрып, сағындым, түсінбедім, Тірі өлік пендемін абылхаятсыз. Мұндай күйге түсірерің бар екен, Махабатты неліктен қылдық мекен? Періштемді жылатып кеттім деумен, Қалай тасып жүр екен жігіт-кеудең....
| |
Просмотров: 846 | |