Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 22.07.2025

Кеш келген махаббатым.
Жолықтың маған мезгілінен кешігіп,
Жүрегімді сыйлап қойғам өзгеге,
Сұрамашы еш нәрсені тесіліп?!
Жауабым жоқ, күтпе, бұған төзбе де...
Мүмкіндікті беріп қойдым, түсінем.
Бірақ сүйіп кете алмадым - кінәм сол,
Аса алмадым мендік жүрек ісінен,
Не күтесің бұл жүректен бұдан соң?
Тағдыр қатал деуші еді, сенбеймін!
Ерегестім тағдырыммен бірталай,
Жүрегімді осы күйден емдеймін,
"Бір ғана жанды сүйе алам ба? Бұл қалай?
Бір ғана жанға жүректі арнау сұмдық қой!
Жалғызды аңсап күн кешу деген не мазақ?
Бұл деген таза қорлау мен таза құлдық қой.
Екеуді сүймеу, үшеуді сүймеу... не азап?"-
Деп ойладың, бәлкім, іштей өзіңше,
Ұмытып оны сүйеді мені дедің бе?
Менен соң енді кімді сүйеді екенсің?
Жалғыз ғой, жаным, кеудеңдегі етің сенің де...
Осымен қатал, осымен өмір өзгерді,
Түсінбей соны көптеген бейбақ адасқан...
Сен оны... Ол сүйіп кеткен өзгені...
Өмірде солай Махаббат сезім адасқан.
Жылауық келер ғашықтың жаны расында,
Төзбейді кейде қайғы мен мұңға бұл жүрек.
Қала беремін ескі махаббат қасында,
Өзіңе бақыт, махаббаттардан мол тілеп!
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 1643 | Рейтинг: 0.0/0