Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 22.07.2025

Күтіп жүрмін жауабын
Махаббат оқыстан келеді екен,
Тап-таза жүректі кірлейді екен.
Өз басымнан өткердім бұл сезімді,
Ұмытпаймын ешқашан сол кезімді.

Жаңа танысқан қызды ұнатып,
Айтпай жүрдім сырымды ұялып.
Алғашқы махаббатыма айналды,
Жан дүниемді менің жаулап алды.

Жақсы араласып жүрдік, сыйластық,
Қалжыңдасып, мінезбенен жарастық.
Мүмкін, осы болған шығар басты себеп,
Ерке сылқымды орнатқан, жүрек тербеп.

Көңілім он бестен асқан шағымда,
Ашуға дайын болды сырын да.
Бірақ бұған тосқау болған жайт үшін,
Қайғырып, уайымдады жаным да.

Айтайын сол жайтты қысқа сөзбен,
Оралайын мұңдарыма өткен-кеткен.
Есіме алсам, жас келеді көзіме,
Жүрегім де күрсінеді ойлауменен.

Сезімімді жеткізуге дайын болып,
«Оңаша сөйлесейін» деп, тосып жүрдім.
Бірақ, оны басқаменен байқап қалып,
Байқап қалып, үмітімді бірден үздім.

«Ұмытам» деп шешкен едім сол қызды,
Орнатқан жүрегіме қоңыр күзді.
Бірақ, жүрекке әмір жүрмес, түсіндім мен,
Қаласам да, солмай қалды сезім гүлі.



Арада жарты жыл өтті зуылдап,
Жүрегімді ұстау кетті қиындап.
Шыдай алмай, «Сүйем!» дедім сол қызға,
Кеудемдегі бар сырымды ашып тастап.

Тағатсыздана күтіп жүрмін жауабын,
Қиын енді шыдау махаббат алауын.
Жаным, егер осы өлеңді оқысаң,
Құшағыма келші – осы менің қалауым!
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 920 | Рейтинг: 0.0/0