Жалғыздықтың өткен күні!
Айнаға қарадым, тағы іздедім сені, Тек көргенім менің, бірге болған күндерді. Әлі есімде менің, сол уақыттар, Қазір түссе есіме, мұңға батырар. Неліктен жаным, көзіме сен көрінбейсің, Алдымда тұрсамда ешқашан мені көрмейсің. Қолымды созып мен жүгірсем де, Бәрібірде сен маған жалғыздықты бейнелейсің. Білемін жаным, сен мені сүйе алмадың, Жарайды маған, тек мені біліп танығаның. Сені сағындым деп тек өзіңе айта аламын, Жалғыздықпен сенен тым алыстамын. Алыстамын әрине, ит өлген жердей болады, Алыста болсаңда, жүрегім сен деп соғады. Бірақ сен сезбейсің, неге екенін білмеймін, Неге былай болды, ешқашан түсінбеймін. Ұмытуға тырыстым, ұмыта алмадым мен, Әлі жадымда менің, күлімдеген бейнең. Сенімен болмаған күндерім, бір уақыттың еншісі, Сенімен өткен күндерім, Бір уақыттың тынысы. Сенімен болған күндеріме ешқашан өкінбеймін, Адамға ұқсадым махаббаты тірілмейтін. Бір күні тірілер мына менің сезімім, Бірақ нәрі жоқ болар, ешқашанда сезілмейтін. Қоңырау шалғым келеді, бірақ дәтім бармайды, Дәтім бармаса да, жүрек бәрі қалайды. Сенің дауысыңды естісем, жүрегіммен, Естігім келеді езуіңді күлімдеген. Үйдің ішінде өзім, тек төрт қабырға, Қабырғаның ішінде мазалаған ойлар ғана. Сол қабырғаны қиратып бұзғым келеді, Маған керек, сансыз ойлы көмек. Уақыт емдейді дейді, бірақ мен сенбеймін, Уақыттың еншісіне ешқашан мен кірмеймін. Кірсемде бәрібір, шыға алмайтындай болам, Сондықтан не істеймін, өйткені білмеймін. Ойладым әрқашан тек сен туралы, Сені ойлауменен жүрегім гүлге оралды. Неге түсінбейсің, неге сөйлемейсің сен, Өйткені, жүрегің тас болып кеткен. Сені сағынамын, бірақ білмейтін шығарсың, Бір күні мені де жүрегіңмен сағынарсың. Сағынбасаң, ойламасаң басқа амал жоқ, Бақытыңды басқа өзге жаннан табарсың.
| |
Просмотров: 819 | |