Көшедегі күз...
Жапырақ түсіп тұнжырайды көшедегі күз, Қайда екен мен армандаған ару қыз. Сары жел жетіп келіп артқы жатқан, Сары жапырақ алдымнан көлдей аққан. Сары - күз, жапырақ, сары - шуақ таң, Мен үшін сары күздің таңы атпаған. Тостағанымды салып жаңбырды күткем, Бірақ жаңбыр жаумай, тостағанға ақпаған. Сары дала, сары күз, сары дала, сарын үз, Мен кетіп барамын, жерге тастап жарым із. Қызда кетіп барады, неткен жаны сірілік, Бойжеткен қыз, құлап қалма, жапыраққа жығылып. Қарап бара жатырмын жапыраққа күлімдеп, Құстар қайтіп барады жылы жерлерді іздеп. Жапырақтар жүрекке үнсіз - үнсіз сыбырлайды, Сағыныштан сарғайып кеткен екенбіз деп. Күздің нұрын сезінбей, құстар әнін салмайды, Жылдар жауған сезімдей, жапырақтар тұрмайды. Аспан тыныш тұрмайды, бір - бірінен озып, Мылтықпенен атқандай бір - бірімен соғысып. Көше беті сап - сары, жайылған бір кілемдей, Үстінен тапап барамын, бірақ маған білінбей. Астымда жатқан, мың жапырақ, мың үміт, Кетіп бара жатып, құлап қалдым сүрініп.
| |
Просмотров: 841 | |