Махаббат - шарап, қоятын бәрін мас қылып
Махаббаттың жалынынан отырғам жоқ , мен асығып, Сезімнің бөлшегіне бөлінгем жоқ, мен шашылып. Тек өзіңді сағынамын, тек өзіңді іздеймін, Сағынған құштарлықты қалай басам, білмеймін... Сені ойлаймын, қашан кездесемін деп , Түсімде жүресің әркез маған күлімдеп. Айтшы , маған қашан айтасың сен , Бақытты күндері, екеуміз бірге болайық деп. Сен менің орындалған жүрек арманымсың, Мүмкін , сен мен үшін жаралғансың. Сендей жанды ешбір құбылысқа ұқсатпаймын, Өйткені, жүрегімді тек өзің жамылғансың. "Сені сүйемін",- деп жан тәніммен айта аламын, Керек еді маған, жүрегіме ән салғаның. Сенімен бірге қиындықты мен көрейін, Сен терлеген су теріңді, жаныммен мен төгейін. Қылығыңмен тәттісің, айым - ау өзің тек, Айтшы қалқам, менен басқа саған кім керек. Парағымның беті ағып жатқан сиялы, Теңіздей толған Ғабиттің бір қиялы. Жүресіңбе сен , жүрегіме жүрек қосып, Жүресің бе жаным, кетіп қалсам мені тосып. Тек қана айтарым, саған айым - ай, Жүрегімнен асып кетпеші шаң тоздырып. Мүмкін сен Ғабит үшін періштесің бе? Осы сұрақты қоямын жаным өзіңе. Ғабиттің сауалына жауап бермесең, Мені тастап, менен ұшып кетесің бе?:... Кеттік, жүр жаным, біздің болашаққа, Әлде ұшып кетейік кеңістік шар аспанға. Болашақтың күніне бірге барайық, Шар аспанның отын бірге жағайық. Бүгін неге көңілсізсің ,көңіліңді көтерейін, Көңіліңді көтере, жаныңды бір тербетейін. Саған жеткім келеді , сондай асыға, Бақытымды орнатшы менің басыма. Қолыма дәптер түссе, сенің бейнеңді салам, Алақанға қалам түссе , сенің атыңды жазам. Оның бәрін айым , өзің білесің, Өйткені , өз көзіңмен бәрін көргенсің. Сенімен жүргім келеді, айлы түннің астында, Сенімен жүргім келеді, аққулардың қасында. Өмірде нені қалайсың, маған айта бер, Жаным менен ешқашан да ештеме жасырма. Осы өлеңім арналады тек өзіңе, Тіке қарашы менің өткір көзіме. Сенің дұрыс түсінуіңді қалаймын, Көңіл аударып менің сөзіме. Аман жүрші жаным мына өмірде, Мәңгі ойнашы менің жарқын көзімде. Мені қинасаңда, өзіңді қинама, Ауыр жүк алмашы салмағы жоқ жүрекке. Шашыңды ұстап аймалап иіскейін, Қате жіберсеңде, мен сені кешірейін. Қолыңды ұстап, саған жақындай беріп, Кешіремін деп ерніңнен мен сүйейін. Сенің бейнеңді саламын жарқыраған жұлдыздан, Сені құрастырғам жүректегі арманнан. Құдайдан қалағаным тек өзің сияқтысың, Сені тілеп алғам құдіретті Жаратқаннан. Қиялдаймын, армандаймын сенімен болуды, Қалай көрмейін мен сендей сұлуды. Сені көрсем жалт - жұлт көзіммен, Жылу келгендей маған, ұмытам тонуды. Қазып алса да, таптырмайтын алтыным, Өмір жалғасқандай менің ғасырым. Құдайым тек өзіңе айтарым, Жылуын жалғыз жаққан бұл менің Жарығым: Естіп тұрсың ба, мені сұлу мүсін, Мейлі қуанып , мейлі күрсін. Осы жыр шумағым тек сен үшін, Айым - ау Айкерім, соны сен түсін. Сағат 11 болыпты мен ұйықтаймын, Сенімен ешқашан қоштаспаймын. Тек жай ғана 7 сағат жанымды басып, Сен туралы сөзімді қайтадан жазайын.
| |
Просмотров: 1026 | |