Қайырлы түн , тәтті ұйқы тілеймін
Айдың жарығы, түсіп тұр менің көзіме , Сағыныштан, жете алмаймын өзіңе. Сондықтан да жүзіңді маған қаратып, Көңіл бөлші менің қазір айтқан сөзіме. Қайырлы түн, тәтті ұйқы тіледім , Шарлап келші ертегілер әлемін. Амандығыңды аспанға қарап сыбырлап, Құдайыма хақ сөзімді жібердім. Тәтті ұйықта , ақ көрпелі мамықта, Түс көрсеңде , жүрегімде қалықта. Жұлдыздарды жаудыртып үстіңе, Апарайын БАҚЫТ деген жұмаққа. Арасында sms - ті жіберемін, Өзіңді жәудіреп көргім келсе. Ертегілер әлеміне апарайын, Ертерек сенің ұйқың келсе. Тәтті ұйқыңды көргенмін бір кезде , Қарап жата бердім мен өзіңе. Тыныштығың сабыр жүрегімдей, Тербеле бердім, шығарған деміңе. Айымсың сен , аспанның гүлісің сен , Сол ай гүлін шашып күлімдеген. Жүрегімнің орнына өзіңді қойып , Сенімен бірге солай өмір сүрсем.
| |
Просмотров: 1114 | |