Есімі жоқ сезім...
Еркелегім келеді, Құшағына сүңгіп кетіп арудың, Келеді әттең, Өмірдегі бар қайғыдан арылғым... Бір сәт қана жеткілікті болар еді, Бақыт деген нәрсеге, Мөлдіреген жанарыңда тығылған, Сырын көрсем қарақаттай лағылдың... О табиғат! мен дегенде неге сонша тарылдың, Қай жерімнен, қай жолымнан жаңылдым ?! Махаббаттан бас кешуге барардай, Есім ауып қалардай, Мен соншама не қылдым?! Әрбір өлең, әрбір әнім лағыл мұң, Сорлы жүрек, сандалдың-ау, сабылдың, Еш бір ару қарамаса, қарамасын,өз еркі, Мен әйтеуір өткен шақты, Періштедей балалықты сағындым... Ең алғашқы махаббаттың не екенін, Есімде жоқ, білмеймін де, не етемін...?! Бірақ - бірақ,ұнатушы - ем ұлпа қарды қыстағы, Ең алғашқы күнін, көктемді де тағы...
| |
Просмотров: 709 | |