Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Четверг, 24.07.2025

Анаға сағыныш...
Өзің кеткелі өмірдің ұқтым бекерін,
Өзің кеткелі көз жасқа толды етегім.
Дұға бағыштап, жырымды енді арнаймын,
Білемін, ана, жұмақта сенің мекенің.
 
Көне алмай жүрмін өмірде сенің жоғыңа,
Алаңдаушы едің «бұралаң» менің жолыма.
Басыңа барып егіліп – жылап қайтармын,
Келері осы балаңның бейбақ қолынан.
 
Қамығып жүрмін, торығып жүрмін, жабығып,
Артыңда қалдым қайғымды тон қып жамылып.
Соңғы рет иіскеп баса алмадым – ау мауқымды,
Бір күні менде жетермін саған сағынып....
 
Өртеніп өзек, сағынып барам өзіңді,
Сағындым, ана, мейірімге толы көзіңді.
Салмағым салған аз болмады өзіңе,
Жер таппай қояр кінәлап жүрмін өзімді...
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 1389 | Рейтинг: 0.0/0