Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 22.07.2025

Махаббат - шарап, қоятын бәрін мас қылып
Махаббат - шарап, қоятын бәрін мас қылып, 
Шынымен сені сүйеді екем жас жігіт. 
Ақиқат бар ма осынау фани жалғанда, 
Кім айтар екен жауабын маған нақ біліп?!
Жырларың сенің жүрекке қайта жақты үміт, 
Өзіңді көріп, көзіме келіп жас тұнып 
Өткеннің бәрі өкініш екен, қайтейін, 
Кеудемде дертім барады менің асқынып. 
Есімді әлі жия алмай жүрмін мәңгіріп, 
"Өзің" деп қана соғады жүрек жаңғырып. 
Қалауың білсін, ұмытсаң ұмыт! Бірақ мен... 
Сүйемін сені! Өтермін сүйіп мәңгілік! 
Келемін еріп соңынан тәтті еслестің, 
Өзіңді бір сәт ұмыта алар емеспін. 
Тек саған арнап керемет өлең жазар ем, 
Жазар ем, бірақ.. 
Мен нағыз ақын емеспін.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 821 | Рейтинг: 0.0/0