Кешір мені
Сен сүйдің, мына мені сынсыз ғана, Сезімің болыпты ғой құнсыз дара, Тағатсыз жауап күтіп тұрғаныңда Мен тұрдым тіл қатпастан үнсіз ғана! Сезімді жандандырдың, мүсіндедің, Бір кезі сол сезімнің ішінде едім, Ол кезде, қанша сүйіп тұрсаң-дағы, Жас болдым, махаббатты түсінбедім. Жел болып, жеткізейін, есілдейін, Ауыр жүк, түссін менен, көсілейін, Шын сүйген сезіміңді итерсем де Тағы да үнсіз ғана кешір дейін!
| |
Просмотров: 895 | |