Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 22.07.2025

Махаббат тарлығы!
Махаббатқа біреулер ынтығады,
Біреулерде үнсіздік жыр тұрады.
Шексіз шиыр жолы көп махаббатқа
Кейбіреулер демігіп тұншығады.

Махаббаттың сөлінен бал шығады,
Мұңмен бірге күйзелген зар шығады.
Біреулерге болса да тәтті сезім 
Махаббатқа біреулер тұншығады!

Махаббаттың таусылмас ғашық әні,
Жыр жазуға жүрек те құлшынады.
Ей, махаббат, тәтті бол, мейлі бірақ,
Саған да ел тұншығады, тұншығады!
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 799 | Рейтинг: 0.0/0