Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 22.07.2025

Жігіттерге...
Жігіттер-ай, қандайсың? Түрлісіңдер,
Қыздардағы сезімнің бірісіңдер,
Гуілдеген боранның үнісіңдер,
Жігіттер-ай, қыздармен бөлісіңдер!

Қыздың жайы – сендерсіз – тынысы тар,
От сезіммен қыз жаққа ығысыңдар,
Ренжітпеңдер, қыздардың бағысыңдар,
Сендер де бір «ананың» ұлысыңдар!

Жігіттер- ай, сөнбесін шырақтарың,
Лайланбасын ішкен су, бұлақтарың,
Сол бұлақты былғама, жылатпағын,
Жанған шырақ биігін құлатпағын!

Қыз жүрегі жігітке дуылдайды,
Ғашығынан басқаға бұрылмайды,
Аман болшы,жыры жас, жігіттер-ай,
Жігіттерсіз махаббат құрылмайды!
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 877 | Рейтинг: 0.0/0