Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Среда, 25.06.2025

Мені ойла.
Мені ойла, аспанда ай толғанда, 
Мені ойла, жұлдыздарды көргенде. 
Мені ойла, терең ойға шомғанда, 
Мені ойла, жалғызсырап жүргенде. 

Мені ойла, төксе жерге күн нұрын,
Мені ойла, күн қызарып батқанда. 
Естігенде жапырақтың сыбдырын, 
Мені ойла, қас қарайып жатқанда.

Мені ойла, таң атқанда шырайлы, 
Мені ойла, нәзік самал ескенде.
Мені ойла, ойла мені, сәулешім, 
Мені ойла, менсіз өткен кештерде. 

Мені ойла, жаз келгенде бөктерге,
Мені ойла, қысқы боран желгенде.
Сәлем айтқын, күлімдеген көктемге, 
Мені ойла, қара суық келгенде.

Мені ойла, орман, тоғай, бақтарда, 
Ойла мені, ойла мені, әрдайым. 
Мені ойла, жаның мұңға батқанда,
Күлімдеші, ұмытылсын бар уайым.

Мені ойла, есіңе ал, сүйіктім,
Кезіп жүрмін мына жалпақ ғаламды. 
Көрсең егер, асқар тауды, биік шың, 
Біз шырқаған әуенді айт, сал әнді.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 899 | Рейтинг: 0.0/0