Сенің анаңа рахмет .
«Бисмиллях» деп, сөздің басын бастайын, Келші бері, тек өзіңе қарайын. Сенің анаң, бәйтерек боп жайқалса, Сен боласын, әлі өспеген жас қайын. Ана деген, құдіретті сөз еркі, Бұзылмайтын май секілді біркелкі. Сенің аяқ басып жүргенің, Анаңның дақ баспайтын тілегі. Анаға ешбір тұлға жетпеген, Анадан, ақылдылар асып кетпеген. Бәрібір, ана деген ана ғой, Кеудеңдегі жаныңды ешкімге де бермеген. Айкерім, сен менің Жарығым, Ана екен, жағатын тек жарығын. Көк бұлттан түсіп сен келсең де, Бәрібір анаңды ұмытпа, танығың. Сенің анаң, әкелген сендей жарықты, Жаратқан Аллах, сен болатынын таныпты. Дүниеге келіп, інгәләнған дауысың, Анаңның қуанышын түнгі айда жарыпты. Дүниеге сен келгенде, күн мен айда болыпты, Кең далада шуылдаған табиғатта шауыпты. Аспандағы жұлдыздар бір-бірімен ілесіп, Айдың нұрлы керімі, есіміңе қоныпты. Сенің анаң, жайқалған көк шалғын, Дала кейпі, ес-түссіз тараған. Сенің анаң, есіп жүрген самал жел, Өміріңді тәтті желмен ораған. Осы өлеңді оқып анаңа, отырған шығар күлімдеп, Бұл өлеңнің мағынасын, өз ойына түгендеп. Егерде анаң, қасында сенің отырса, Айтайын, "мұндай қызды тапқаныңызға рахмет"! Рахмет .....
| |
Просмотров: 1011 | |