Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 22.07.2025

Тағы бір өлең...
Бақытты едім мен өзіңмен,сен қасымда барыңда,
Күлімсіреп жүруші едің,мына менің жанымда.
Сүйем деген сөздеріңе сендіріп едің бір мені,
Сеніменен бақытты болу,бұйырмапты бағыма.

Көкшетауға аяқ асты кететін болып ұйғардың,
Біле алмадым,білмедім де бұл ісіңді ұғар кім?
Қоштасып мен өзіңменен жатқанымда,сапарға
Ойлағанмын мен өзіңмен кездесетін шығармын.

Біраз уақыт телефонмен хабарласып жүрдім мен,
Мені ұмытып өзге жанмен кетеріңді кім білген?
Өкінгенмен пайда барма,келмейді енді ол күндер,
Ұмыта алмай мен өзіңді қиын өмір сүрдім мен.

Әлі есімде,солбір күндер,ұмытпадым өзіңді,
Келер деген үмітпенен,өшірмедім сезімді.
Бірақ тағдыр қатал екен,аямады бір мені,
Шыдай-шыдай тауыстым мен саған деген төзімді.

Кешірімді сұрамай-ақ кете бергің жөніңмен,
Тиіспе енді,жолымнан кет,шаршадым мен өмірден.
Сүйгеніңмен бақытты бол,мына мені ойлама,
Сене алмаймын енді саған,шығып кеттің көңілден.

Бір өзіңді көрмегелі өтті уақыт,жыл,апта,
Өшірмеспін мен санамнан не босада бірақта.
Сезімімді бағаламай кеткеніңбе бұл сенің?
Жоқ әлде бұл Жаратқаннан маған келген сынақпа...?
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 837 | Рейтинг: 0.0/0