Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 22.07.2025

Қош бол менің сүйгенім
Өзіңменен өткен күнер қайта түсті есіме,
Сен сүйесің өзге жанды,қызғанамын несіне?
Қасыңа мен барғанымда құшақтадым күлімдеп,
Сүйе алмаймын жаным дейсін енді неге бүгін кеп?

Ұмытамын десемдағы қалып кеттің жүректе,
Тастап мені кете бардың,қараңғы бір түнекке,
Сүйгенім бар дегеніңді,бүгін неге айттың сен?
Ортақтасып қоясың сен тағы менің қайғыммен.

Сол күндері қыдырып едік саябақта екеуміз,
Жанарыңда бір мұң тұрды,қосылмайды екенбіз.
Сүйе алмаймын деп айтпадың сол уақытта неліктен?
Қинамай-ақ қоштасар едім сол кездері сенімен.

Сене алмаймын енді саған уақыт өтті арада,
Тиіспе енді жүректегі бітпеген сол жараға.
Сүйем дейсін енді келіп мына мені тағыда,
Сүйгеніңде тастап кетті қайта келіпсін жаныма.

Бір нәрсені біліп алдым мына өмір жалғанда,
Бауырым сен жете алмайсын,қыздарменен арманға.
Есіңді жи алдап кетер ертеңгі күн белгісіз,
Қайта айтам жете алмайсың еш арманға сенімсіз.

Оларсызда шындық бірақ мына өмір көңілсіз,
Саған бірақ сене алмаймыз,ешқашанда бүгін біз.
Кешірімді сұрауменен ешбір нәрсе бітпейді,
Бұрынғыдай болатындай,уақыт артқа кетпейді.

Қ/сы: Кешіре алсаң кеш мені,кеше қойшы сүйіктім,
Сенсіз өмір сүреде алмайтынымды ұқтым.
Барлық кінә өзімнен екендігін түсіндім,
Кешіре алсаң кеш мені,бекер сенен сыр бүктім.


Неге-неге,деген сұрақ мазалайды меніде,
Мен қиналған кездерімде,қасыма сен келдіңбе?
Қырау түсті қайтадан бір саған деген сенімге,
Кешіре алсаң,кеш мені кінә болса меніде.

Саған деген сезімдерім сонда бекер болдыма?
Меніменен қоштасқанда басыңа бақ қондыма?
Бар болса егер кінә менде кешіре алсаң кеш мені,
Тиіспе енді,бөгет болма,мын менің жолыма.

Бүгіннен соң қаруым бар махаббатқа қолымда,
Жүрегімде жар толды бір өзіңнің жолыңда.
Мына мені алдағанда қандай саған пайда бар?
Керісінше,бағың ұшты,басыңдағы соңында.

Сезімдерім өшті менің,қоштастым мен мәңгіге,
Сүйгеніңмен бақытты бол саған жоқ еш әңгіме.
Улап бітті мына сенің сезімдерің,тәнді де,
Өзге жанды алдама сен,кеңесім сол мәндіде!

Қ/сы: Кешіре алсаң кеш мені,кеше қойшы сүйіктім,
Сенсіз өмір сүреде алмайтынымды ұқтым.
Барлық кінә өзімнен екендігін түсіндім,
Кешіре алсаң кеш мені,бекер сенен сыр бүктім.

Бүгінен соң сезімім жоқ енді олда өлген
Махаббаттың оты жанып,бірақ қайта сөнген.
Бұл өмірде мына мені түсінгенмен мен көрген,
Сезімімді таба алады,жалғыз ғана көрден.

Мен бір саған сол кездері шын жүрекпен сенгем,
Өзім сені жоқ десемде,жүрек сүйіп көнген.
Бір сен үшін,бұл өмірде талай бұлттар төнген,
Бұл маған бір Жаратқаннан сынақпа екен келген?
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 1206 | Рейтинг: 0.0/0