Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Среда, 23.07.2025

«Өмір ме, әлде өлім бе?»
Бұл не өмірме әлде өлім бе?
Енді мына көздеріме көрін бе.
Сүйген едім осыны сен білдің бе?
Әлде мені алдауменен жүрдің бе?...

Айтшы, сендегі жалған сезім бе,
Мендегі шынайы көрдің бе?
Жара салып ашық-жарқын көңілге,
Сүйемін деп алдадың-ау сен неге?...

Бұл не махаббат па көзімде,
Ыстық тамшы ағылады езіле.
Жұмып алып, тас қараңғы етсемде,
Көрем сені, бейнең сенің көңілде...

Сағынамын, сағыныштан өлдім де,
Ойлау менен уақыт қашты өзіңе.
Әр минутым ғасырменен теңеле,
Сенде мені солай қатты сүйдің бе?...

Жоқ, ештеме айтпа, өтінемін үндеме,
Жай ғана қарашы менің мына көзіме.
Өзім көрем сүйесің бе, жоқ па әлде,
Құшақтап қасыма келші, еркеле.

Сүйiп келем, сүйе берем мәңгіге,
Мына жүрек сені іздейді қазір де.
Жек көремін, айғайлаумен өзіме,
Пышақ кезеп жылап жатқан жүрекке.

Бұл не?... өмір ме, әлде өлім бе?
Екі жолды таңдап маған бердің бе?
Не өлтір, сезімге мені өртеме,
Не қалдыр, жанымда қалып мәңгіге....
 
© жаным Заманбекова Шолпанға
жігіті Ж. Қуаныш немесе Arx^angel 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 846 | Рейтинг: 0.0/0