Сені ойласам
Бір сен үшін тағыда жыр жазамын, Жүректі сәл абайлап мен қазамын. Өзіңе арнаған жыр шын жүректен, Өтірік алдаудан да мен тазамын. Шумақ жазам, әндетем сағынғанда, Жұбатам сен мұңайған шағында да. Сені ойласам кетемін ойға батып, Мен сені сағынғанда сағымдарға... Бұл сағым - естелігі өткен күннің, Ойымда жүресің сен әр күн менің. Көзді жұмсам келесің сен, әне тағы, Ал ашсам жоғалады елесің сенің. Ып-ыстық алақаның менен жырақ, Жүрекке жылы сөзің жетер бірақ. Қиялға ерік берем сені ойласам, Сенсің ғой бұл жүрекке жаққан шырақ!...
| |
Просмотров: 951 | |