Өлең жолдарым
Денем мұздап барады тоңып барам, Жалындаған от едім, сөніп барам. Тағдыр деген өмірдің тәлкегіне, Амалым не, бас иіп, мен көніп барам. Көніп барам бас иіп, тағдырыма, Көніп барам ақырын, санап қадам. Тағдырдың тәлкегіне түседі екен, Өмірде қанша ғашық, қаншама адам. Естілсінші бәріне болып мәлім, Менің осы жүректегі мұңды налым. Жыр жазайын өмірді баяндап мен, Көзімде жас, қолымда қара қалам. ******************************** Өлең басы, жырдың басы басқы бет, Айта алмаймын сезімімді жақсы деп. Мендегі бұл сезімдерім жай ғана, Ешқашан да орындалмас бір тілек. Сезгендейін барлығында бұл жүрек, Содан болар дәл қазір тұр елжіреп. Елжіреп тұр жүрегім үн қата алмай, Өз ішінен жаным саған келші деп. ******************************** Мезгілсіз ашылған ба сезім гүлі, Ұғына алмай отырмын өзім мұны. Алжастым ба есімнен, әлде ерте, Айыра алмай өткенімнен бүгінімді.
| |
| Просмотров: 839 | |