Неге жаным?!
Бір сен едің,жүрегімнің бар мәні, Қатал болды,бұл тағдырдың талғамы. Неге біздер айрылыстық білмеймін, Осы болды,маңдайыма жазғаны. Неге жаным,неге мені алдадың? Неге ауыр сыйды маған арнадың? Неге жаным? неге ғана неліктен, Махаббатым бір өзің боп, Неге мәңгі қалмадың? Бақытты едім,өзіңменен жүргенде, Бақытты едім,бірге ойнап күлгенде. Бақытты едім,бақытты едім,бақытты, Жаным менің қасымда сен жүргенде. Алыс кеттің неге маған қарамай? Кеттің-ау сен жүрегімді жаралай, Жас жүректі қалай енді жұбатам? Сені ғана сүйемін ғой,өзгені қалай ұнатам?!
| |
Просмотров: 952 | |