Мен сені баяғыдан-ақ ұнатқанмын
Мен сені баяғыдан-ақ ұнатқанмын, Жанымды естелікпен жұбатқанмын. Көз алдыма келгенде сенің бейнең, Жоғалтып алам ба деп қорыққанмын. * * * Сен елессің, естелік, естен шықпас, Сағымдардан іздеймін қол ұстатпас, Көргенімде ұқсайтын саған жанды, Жүрегімнің дүрсілі тыным таппас. * * * Ақ параққа ақтарам бар сырымды, Сезімімнің куәсі болған сынды. Саған жүрген айта алмай, құса болып, Арнаймын соңғы мәрте мен жырымды!
| |
Просмотров: 874 | |