Сап-сары
Сағыныш-ай, сағыныш саған деген, Жасырмастан жайымды жаман дер - ем, Жанарға мұң, жаныма жамылды өлең… Сонша бекiп қалған бұл сезiмiмдi, Моншақ етiп тiзем де саған берем… Дегбiрi жоқ дертiмнiң демеушi емi, Ағаттық қой бақытым демеу сенi, Теңеуiмнiң татымас тек өлшемi… Қақсады деп жазғырма, сағынышты6 Сап-сары деп ақындар теңеушi едi… Шаттық атты ауылдан шалғайдамын, Санамда солғын үмiт салмайды әнiн, Ой алқымдап, жармасып шалғайға мұң… Сарғайдым деп қоятын сағыныштан, Неге екен, мен әлi сарғаймадым… Бiрақ, менiң бейнемдi Күз ұрлаған, Сарғаю, суыну да тiзiлдi оған… Жаным жара, тек өңiм бұзылмаған, Таңырқаған болар-ау Күз шамасы, Жабырқаған бұрады жүзiн маған… Сағыныш сызат етiп салса бiр iз, Қайтесiз, Күз-қария шаршадыңыз… Түсiнбедiм ненi iздеп, аңсады Күз?! Толастамас мендегi сол сағыныш, Ал, «сары қыз»???
| |
Просмотров: 938 | |